object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 13:17:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-НІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА БІЛІМДЕРІН КЕҢЕЙТУДЕ

Соңғы уақытта әлем бойынша инженерлік, гуманитарлық ғылымдар, медицина, биология, әлеуметтік ғылымдар, математика, бизнес, информатика және басқа да салаларда жоғары сапалы және тегін білім беретін онлайн курстар пайда болды. Солардың бірі – әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтаса отырып, тегін онлайн курстар ұсынатын Coursera білім беру платформасы.

Портал негізін қалаушылардың мақсаты – білім деңгейін кеңейткісі келетін барлық жандарға жоғары сапалы, әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беру. Аталмыш платформаға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттерінің де қосылу мүмкіндігі бар. Оқу ордамыз үшін 500 адамға лицензия бөлінген. Қазірдің өзінде ҚӨУ-нің 18 студенті курсты игеріп, оқуды жақсы баллмен аяқтады. Олар тегін оқыды және әлемнің үздік университеттерінің сертификаттарын алады. Курстар ағылшын тілінде өтеді, бірақ олардың көпшілігі қазақ және орыс тілдеріне аударылған.

Coursera курсының университеттегі администраторы Азамат Жикеев оқу үрдісі туралы ақпарат берді, студенттерді курсқа тарту жұмыстарын жүргізді және университеттің платформа пайдаланушылары үшін әдістемелік құрал әзірледі.

Бүгінде платформада білім алғысы келетін студенттер саны артып келеді.

Қабылдау комиссиясы