object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-30 15:38:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ЦИФРЛЫҚ инновациялар. Қызығушылық артуда!

Baitursynuly University оқытушылары оқу үдерісіне ЖИ технологияларын енгізу бойынша корпоративтік оқыту курстарынан өтті.

Ұйымдастырушылар – инклюзивті білім беру және инновациялық білім беру технологиялары орталығы мен ҚӨУ-дің қосымша білім беру бөлімі.

Мақсаты – оқытушылардың цифрлық құзыреттіліктерін ЖИ бойынша корпоративтік курстар арқылы дамыту.

Бүгінде жасанды интеллект адам қызметінің түрлі салаларында кеңінен қолданылуда. ЖИ-ді қолдану жоғары білім беру саласында да үлкен қызығушылық тудырды: ЖИ түрлі пәндік бағыттарда – лингвистикалық, инженерлік, математикалық және медициналық білім беру салаларында оқытуға енгізіліп жатыр.

1 сәуір мен 29 сәуір аралығында ҚӨУ базасында оқытушылар құрамына арналған корпоративтік оқыту курстары ұйымдастырылды.

«Білім берудегі жасанды интеллект» және «Жоғары білімге жасанды интеллектті интеграциялау: әдістер мен тәжірибелер» атты бағдарламалар бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Бахтияр Жарлыкасов пен физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Татьяна Радченконың жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Оқытуға 95 оқытушы қатысты, бұл академиялық қауымдастықтың педагогикалық тәжірибедегі цифрлық инновацияларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Қабылдау комиссиясы