object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 02:18:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Цифрлық қосалқы станциялар мен желілер бойынша онлайн дәрістер

Қостанай өңірлік университетінің А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтында, 09.12-12.12.2022 жылы № 609870-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP (UXiship) білім беру жобасы аясында Ханты-Манский қаласындағы Югра мемлекеттік университетімен онлайн дәрістер сериясы өткізілді.

Дәрістер онлайн режимде, Leader-ID платформасының (https://leader-id.ru/events/378932 ) қолдауымен өтті. Дәрістер цифрлық желілер мен қосалқы станцияларды ұйымдастыру, әлемдік енгізу тәжірибесі, қосалқы станциялар мен электр желілерінің эволюциясы, сондай-ақ блоктық-модульдік цифрлық қосалқы станцияларды құрудың аппараттық және бағдарламалық негіздерін қарастырды. Баяндамашы – Кошкин Игорь Владимирович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі.

Дәрістер топтамасы университеттер арасындағы ынтымақтастық бағыттарын нығайтып, кеңейтеді және студенттердің жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға пайдалы болады.

Қабылдау комиссиясы