Бірінші сессия - ерекше толғаныс кезеңі. Baitursynuly University-нің бірінші курс студенттеріне емтихан сынақтарынан өтуге тек оқытушылар мен эдвайзерлер ғана емес, сонымен қатар комплаенс-қызметінің офицері Дархан БЕЛГИБАЕВта көмектесті.
Осы аптада ол ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті мен машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті 1 курс студенттерінің философия пәнінен емтиханына қатысты. Дархан Белгибаевтың басты міндеті - сессияның объективтілігі мен әділ өтуін қадағалап, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Алдағы екі аптада комплаенс-қызметінің офицері ҚӨУ-дің әртүрлі корпустарында өтетін емтихандарға қатысады.