object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-16 02:18:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Болашақ заңгерлер тәжірибе үстінде

Сот залы – аудитория, ал процесс қатысушылары Baitursynuly University студенттері. Болашақ заңгерлерге арналған «Қылмыстық процестегі сот өндірісі» пәні бойынша практикалық сабақ осындай ерекше форматта өтті.

Сабақты қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Бибигуль Саламатова жүргізді. Студенттер ойынның ұйымдастырылуына шығармашылық тұрғыда қарап, қылмыстық іс фабуласын құрастырды. Судья, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, айыпталушы және басқа да процесс қатысушыларының рөлдерін өздері сомдады.

«Сот отырысына» тыңдаушылар ретінде Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің оқытушылары мен 3 курс студенттері қатысты. Шақырылған қонақтар қылмыстық сот өндірісі барысында шынайы әсер алып, барынша жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды.

Колледж студенттері тек сабақтың тақырыбымен ғана емес, ҚӨУ түсу туралы да сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.

Қабылдау комиссиясы