Baitursynuly University қызметкерлері Мәскеу қаласындағы (РФ) Сколково білім трансформациясы орталығы ұйымдастырған «Университеттің бәсекеге қабілеттілігі: басқарушылық тренажер» бағдарламасы бойынша екі күндік оқу курсын тәмәмдады.
Astana IT University базасында ҚӨУ өкілдері жоғары оқу орнын басқарудың заманауи құралдарын меңгеріп, алдағы бес жылға университет дамуын модельдеуге арналған симуляциялық ойынға қатысты.
Бағдарламаның негізін - университет құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін дәл бейнелейтін компьютерлік симуляция құрады. Қатысушылар топтарға бірігіп, виртуалды жоғары оқу орындарын дамыту стратегияларын әзірлейді, басқарушылық шешімдер қабылдап, олардың салдарын ойын форматында талдайды. Мұндай тәсіл университет қызметкерлеріне шынайы жағдайға барынша жақын ортада шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Baitursynuly University өкілдерінің айтуынша, бұл – біздің университеттің даму стратегиясын одан әрі дамыту үшін пайдалы құрал, ал бұл өз кезегінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.