Жоба ҚӨУ мен «Интеллект Будущего» балаларды дамыту қоғамдық қоры (Қостанай қ., жетекшісі – Ольга Соловьева), сондай-ақ «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры (Алматы қ., жетекшісі – Салтанат Мурзалинова-Яковлева) арасындағы әлеуметтік әріптестік форматында жүзеге асырылады.
«Nova Kids» инновациялық балалар орталығының салтанатты ашылуы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Үшжақты келісім шеңберінде жоспарланған жұмыстар:
«Nova Kids» – бұл заманауи технологиялар, нейродаму, инклюзивті және экологиялық тәсілдер, сондай-ақ әрбір бала үшін қауіпсіз орта, жаңа буын кеңістігі.
Орталық жетекшісі Ольга Соловьева:
– Біз баланың болашақтың талаптарына сай дамуына мүмкіндік беретін, ал мамандардың уақыт сұранысына жауап беретін практикалық тәжірибе алуына жағдай жасайтын орта қалыптастырып жатырмыз,-деді
Орталық өз жұмысын 2 наурыздан бастайды. Дәстүрлі балабақшалардан басты айырмашылығы – оқытудың инновациялық, әрі заманауи тәсілінде. Балалардың ерте дамуы үшін әртүрлі мамандар тартылған: логопед-дефектолог, нейропсихолог, қозғалыс терапевті. Сонымен қатар балалар йогасы, емдік дене шынықтыру (ЛФК) және хореография бар.
Би тек эстетикалық даму үшін ғана емес, тірек-қимыл аппаратын жұмсақ түзету үшін де қажет екен.
Мұндай кешенді тәсіл даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін аса маңызды.
ҚӨУ-де инновациялық «Animal-терапия» білім беру бағдарламасы әзірленуде, бағдарлама бойынша басқа да терапия түрлері оқытылады:
Бұл әдістерді меңгеру болашақ мамандарға аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) бар және басқа да даму ерекшеліктері бар балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, сөйлеуді дамытуға, коммуникациялық дағдыларды қалыптастыруға, тұрмыстық дербестікті үйретуге және жағымсыз мінез-құлықты азайтуға көмектеседі.
Тәжірибе базасы – «Nova Kids» орталығы.
Baitursynuly University профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Александра Тегза Каунас қаласында (Литва) канистерапия бойынша білім алған болатын, енді Канадада клиникалық канистерапияны оқу үшін тағылымдамадан өтуге дайындық үстінде.
ҚӨУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева жобаның стратегиялық маңызын атап өтті:
– Біз бұл жобаны университеттің Үшінші миссиясын – қоғамға қызмет ету мен өңірді дамытуға қосқан үлесі ретінде қарастырамыз. Жоба Қостанайдың инновациялық білім беру орталығы ретіндегі позициясын күшейтіп, ғылым, білім және әлеуметтік сала арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұл қадам жаңа буын мамандарын даярлау және өңірдегі мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін маңызды.
















