object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-19 18:36:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Құстардың 100-ден астам түрі және миллион әсер

У. Сұлтангазин атындағы педагогикалық институтының «Биология» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері үшін жазғы демалыс шынайы бір оқиғаға айналды.

Жақында ғана студенттер «Students for Nature Field Camp 2024» орнитологиялық лагерінен оралды.

Ол Қорғалжын қорығының (Ақмола және Қарағанды облыстары) аумағында орналасқан. Бұл жер кездейсоқ таңдалған жоқ, осы жерде кездесетін құстардың саны 365 (!) түрді құрайды, олардың 42-сі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және 27-сі халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Даниил Христинецкий, Бауыржан Дүзенов, Сабыржан Айдана, Әдина Орманова және Серік Амангелдиев Қазақстандағы биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының атақты орнитологтарының дәрістерін тыңдап, құстарды анықтау және есепке алу тәжірибесін игерді.

Нәтижесінде студенттер 100-ден астам құс түрін көріп, зерттеді.

Студенттер осындай сирек кездесетін мүмкіндікті Baitursynuly University мен АСБҚ арасындағы тығыз ынтымақтастық арқасында алды, «Шеврон» компаниясымен бірлесіп «Students for Nature Field Camp 2024» лагерді ұйымдастырды.

Қабылдау комиссиясы