object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 21:59:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ИНТЕГРАЦИЯ

Педагогика және психология кафедрасында 6В01101-Педагогика және психология және 7М01101 Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру мәселесі бойынша Қостанай облысының білім беру мекемелерінің педагог-психологтарымен кездесу өтті.

Кездесуде педагог-психологтарды даярлау білім беру бағдарламалары талқыланды, әсіресе оның мазмұнына баса назар аударылды, өйткені мамандарды даярлау кәсіптік білім беруді дамытудың әлемдік үрдістеріне сәйкес жүруі тиіс.

Шақырылған қонақтар қатарында тәжірибелі психологтар, жұмыс берушілер, Қостанай қаласының жетекші, инновациялық мектептерінің, яғни Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Қостанай облысының дарынды балаларына арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының, сондай-ақ қала мектептерінің педагог-психологтары болды.  

Кездесу нәтижелері бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеушілер қолданыстағы ББ-на түзетулер мен толықтырулар енгізеді және болашақ педагог-психологтарды оқытудың жаңа бағдарламалары әзірленетін болды.

Қабылдау комиссиясы