2021 жылы 26 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде «5В060700 - биология» мамандығы бойынша Республикалық студенттер олимпиадасы өтті.
Олимпиада Zoom платформасында бейнеконференция форматында өтті және екі кезеңнен тұрды:
- биохимия және өсімдіктер физиологиясы, ботаника, адам мен жануарлар физиологиясы, жасушалық биология пәндері бойынша ситуациялық есептерді шешу.
- адамдар мен жануарлардың гистологиясы, зоологиясы, генетикасы және физиологиясы - пәндері бойынша онлайн тестілеу.
Алуа Өтебасова, Зарина Искакова, Аружан Ахметова сияқты 5В060700-Биология мамандығының 3 курс студенттерінен құралған университетіміздің командасы олимпиаданың барлық кезеңдерінде кәсіби құзыреттіліктерін көрсетіп, 3 орынға ие болды.
Қорытынды нәтижеге сәйкес жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I дәрежелі диплом - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы;
II дәрежелі диплом - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы;
III дәрежелі диплом - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің командасы.
Студенттерді және олардың тәлімгерлерін, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнар Сұлтанғазинаны және жаратылыстану ғылымдарының магистрі Юлия Новакты олимпиададағы жүлдесімен құттықтаймыз!