object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 13:28:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

БИОЛОГТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

13-14 сәуір күндері Орал қаласында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Биология мұғалімдерін даярлау» мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 15 команда қатысты. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің атынан «Биология-химия» ББ-ның 2 курс студенті Дархан Байболатов пен 3 курс студенті Юлия Приезжих қатысты. Команданы биология магистрі, жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Мария Рулева бастап барды.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: үй тапсырмасы (мектептегі биология сабағынан бейне үзінді дайындау), теориялық және практикалық тапсырмалар. Студенттер генетика, молекулярлық биология, өсімдіктер систематикасы, зоология, адам анатомиясы, физиология, биологияны оқыту әдістемесі пәндері бойынша тапсырмаларды орындады. Біздің студенттер жақсы нәтиже көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша жекелей сында 30 қатысушының арасынан тек 3 студент жүлдеге лайық деп танылды. Бұл қатарда ҚӨУ-нің студенті Дархан Байболатов бар. Ал 15 команданың арасынан 6 команда жүлделі орындарға ие болды, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің командасы 2-орынды жеңіп алды.

Студенттерді, команда жетекшісі Мария Рулеваны және «Биология» ББ-ның оқытушыларын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы