object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-25 17:07:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Желідегі және өмірдегі қауіпсіздік

Baitursynuly University ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде терроризм мен дропперлер мәселелеріне арналған дәріс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - студенттерді террористік қызметпен байланысты қазіргі заманғы қауіптер мен қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданатын алаяқ адамдар туралы ақпараттандыру болды.

Дәріс барысында Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері террористік қауіптерді анықтауға болатын белгілер мен күнделікті өмірде сақталуы тиіс сақтық шаралары туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, күмәнді адамдар немесе заттар туралы құқық қорғау органдарына уақытында хабарлау маңызды екендігіне назар аударылды.

Сонымен қатар студенттерге дропперлік дегеніміз не, алаяқтар азаматтарды заңсыз қызметке қалай тартатыны және дроппер болуға келісетіндерді не күтетіндігі, яғни салдары қандай болатыны түсіндірілді. Жастарға қылмыскерлердің ақша айналдыру арқылы оңай табыс табуды ұсынатын алдамшы әдістеріне бой алдырмау қажеттілігі ескертілді.

Осындай профилактикалық шаралар жастардың барынша хабардар болуын арттыруға және қоғам мен құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Қабылдау комиссиясы