23 ақпан күні онлайн-режимде ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті.
Отырыста жоғары білім берудің барлық жүйесіне талдау жүргізіліп, ең басты мәселе – білім беру сапасын арттыру мәселесі қаралды.
Білім беруді сапалы, ең бастысы, жүйелі дамыту қажеттілігі мемлекеттік басымдықтардың қатарында.
Үкімет деңгейінде де, Білім және ғылым министрлігі деңгейінде де бұған ерекше назар аударылып отыр.
ҚР Білім және ғылым министрлігі қойылған міндетті шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда:
✅ Академиялық адалдық принципі енгізілді,
✅ "еститін университет" қағидаты,
✅ өзіндік үлгідегі дипломдар,
✅ меншік нысанына қарамастан барлық жоғары оқу орындары үшін тең мүмкіндіктер мен бірыңғай талаптар белгіленді.
Министр атап өткендей, сапалы білім мен мықты жоғары оқу орындары – бұл бүкіл елдің болашақ әл-ауқатының негізі.
Министрлік белгілеген проблемалар, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі міндеттер өзекті және дұрыс болып табылады, жоғары білім беру жүйесін жоғары сапалы деңгейге көтеруге ықпал етеді.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ұжымы министрліктің білім беру сапасын арттыру саласындағы бастамаларын қолдайды, ең бастысы, қойылған міндеттерді ойдағыдай орындау және шешу мақсатында жұмыс істейді.