object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 06:07:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

BAITUTSYNULY UNIVERSITY: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ

Бүгінде тәжірибеге бағдарланған сабақтар оқу процесенің маңызды бөлігіне айналды. BAITUTSYNULY UNIVERSITY  бірнеше жыл бойы студенттердің  кәсіби биліктілігін арттыру мақсатында практикалық сабақтар мен өзіндік жұмыстарға аса қатты мән беріп жатыр. 

Осылайша, «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері «Глория» және «Медео» мейрамхана-қонақ үй кешендерінде өтетін алғашқы тәжіриелік сабақтарына кірісті.

Сабақ аптасына бір рет, бейсенбі күндері өтеді.  Тәжірибе барысында студенттер қонақ үй қызметкерлерімен тікелей қызмет етеді. Қазір олар Booking жүйесінде жұмыс істеуді, ұйымдарға арналған түрлі үзінділерді толтыруды, сондай-ақ қонақжайлылықтағы сервистік қызметтердің әдіс-тәсілдерін меңгеріп алды.

Сабақтың келесі тақырыптары қонақжайлылық индустриясының қызметкерлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен тамақтану қызметіне арналады.

- Бұл біз үшін керемет мүмкіндік. Әрине, теорияны білген дұрыс. Дегенмен кәсіби біліктілікті практика жүзінде арттыру маңыздырақ деп ойлаймын , - деп мәлімдеді «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Амина Жанкулина.

Аталмыш инновациялық бағдарламаның алғашқы түлектері 2025 жылы оқуын тәмамдайды. Ірі қонақ үй кешендері мен мейрамханаларда тәжірибиеден өткен студенттер қазірдің өзінде жұмысқа орналасып жатыр. Сол себептен бітіруші түлектер ертеңгі күні жұмыссыз қалмайды деп сеніммен айта аламыз.

 

Қабылдау комиссиясы