object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 07:47:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Baitursynuly University мен Dong-Eui: көлік құрастырудағы жаңа қарқын

Baitursynuly University мен Dong-Eui University арасында қос дипломды мамандар даярлау туралы келісімшартқа қол қойылды.

Келісімшартқа қол қою рәсімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған Қазақстан делегациясының Сеулдегі (Оңтүстік Корея) Global Education and Innovation Summit-іне қатысуы аясында өтті.

Саммиттің негізгі тақырыбы — цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында білім беру мен ғылымдағы өзгерістер.

Министр өз сөзінде ЖИ-ді білім беру технологиялары мен әдістемелеріне енгізудегі Қазақстан университеттерінің табысты мысалдарын келтірді және студенттер мен оқытушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетін салалық әріптестіктер құрудың маңыздылығын атап өтті.

Dong-Eui University — Оңтүстік Кореяның ең көне жеке университеттерінің бірі, ол көлік құрастыру саласы бойынша мамандар даярлауда мол тәжірибеге ие және әлемге әйгілі автокорпорация «Hyundai»-мен тығыз жұмыс істейді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Dong-Eui University арасында академиялық байланыстар ок жолға қойылған.

Университеттер арасында «Көлік құрастыру» бағыты бойынша маман даярлау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Меморандум аясында ҚӨУ студенттері Dong-Eui University-де алмасу бағдарламасы бойынша оқиды. Олар сапалы кәсіби білім алып, практикадан өтіп, корей тіліндегі дағдыларын нығайтады.

Жаңа оқу жылында Dong Eui University-де тағы 10 костанайлық студент оқи алады. Ынтымақтастықтың нәтижесінде Baitursynuly University үшін студенттерге арналған квота саны ұлғайтылды.

Қосдипломды мамандар даярлау туралы келісімшарттың арқасында костанайлық студенттердің мүмкіндіктері одан әрі кеңейеді.

Бұл — корей тілінде оқу, екі университеттің дипломдарын алу, алдыңғы қатарлы көлік құрастыру алаңдарында оқу және тәжірибе жинақтауды қамтиды. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда магистратураға түсу және KIA зауыттарында жұмысқа орналасу артықшылықтары ұсынылады.

Қабылдау комиссиясы