object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 22:40:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Baitursynuly University + Allur

Baitursynuly University түлектерін диплом алысымен жұмыс күтіп тұр. Өйткені, университетіміз өңірдегі жетекші жұмыс берушілермен ынтымақтастықта.

Осы аптада ҚӨУ машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің өкілдері "Allur" зауыты Корпоративтік Университетінің әріптестерімен кездесті.

Тәжірибе алмастық, жоспарланған бірлескен жобалар, академиялық ұтқырлық шаралары мен машина жасау және көлік техникасы саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтті.

"Кездесу нәтижесі ұсақ торапты көлік құрастыру саласында бірлескен қосымша білім беру бағдарламасын құру туралы келісім болды, - деп бөлісті ҚРУ машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Берген ҚАЛАҚОВ. – Сондай-ақ біз машина жасау саласындағы мамандарды тиімдірек даярлау үшін дуалды оқытуды дамытатын боламыз."

Айтпақшы, мұндай мамандықтар қазір аса танымал. Қостанайды машина өндірісінің астанасы деп бекер айтпаған.

Қабылдау комиссиясы