object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 04:22:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздің студенттер жеңімпаздар қатарында

19 сәуірде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен ақпараттық технологиялар бойынша Республикалық студенттер олимпиадасы онлайн режимде өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша екі жүлделі орынды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының студенттері жеңіп алды.

1 орынды «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Александр Воробьев жеңіп алды.

«Ақпараттық технологиялар және робототехника» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Гүлім Қайролла 3-ші орынды иеленді. Олимпиада 2 кезеңде өтті – тестілеу және веб-жобаларды қорғау. Екі кезеңде де біздің студенттер университетімізді лайықты түрде көрсете алды!Жеңімпаздарға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Қабылдау комиссиясы