object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 06:26:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздің студенттер олимпиада жеңімпаздары!

2021 жылдың 23 сәуірінде ҚӨУ-нің 5В060700 - Биология мамандығының студенттері ботаника бағыты бойынша Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өткен аймақтық, студенттік онлайн олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – мамандарды даярлау сапасын арттыру және студенттердің экологиялық, ғылыми және шығармашылық дүниетанымын қалыптастыру. Сондай-ақ студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеу.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді:

1) студенттерді тестілеу (тест тапсырмалары мен есептерді шешу)

2) жобаларды қорғау (біздің аймақтың флорасын талдау)

Онлайн олимпиаданың ережесіне сәйкес конкурстық комиссия мүшелері командалық есеп бойынша жеңімпаздарды анықтады.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 5В060700-Биология мамандығының студенттерінің командасы 1 орынға ие болды.

Студенттер мен олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы