ТМД елдерінің 30-дан астам ЖОО-ның «Журналистика» мамандығының студенттері арасында өткен «Журфактар шайқасы» халықаралық конкурсында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері ақтық турға өткен он университет қатарынан көрініп, алғашқы кезең қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынға ие болды! Ақтық кезең 2021 жылдың сәуір айында Калининград қаласында Иммануил Кант атындағы Балтика федералдық университетінде өтеді. Қатысушылар түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, ТМД елдерінің танымал журналистерімен жүздесу мүмкіндігіне ие болады.