3-6 қыркүйек аралығында ҚӨУ-нің педагогикалық бағыттағы кітапханасы бірінші курс студенттерінің ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру, білім беру және ғылыми ресурстармен, кітапхана қызметімен таныстыру мақсатында кездесулер өткізді.
Аталмыш іс-шаралар барысында бірінші курс студенттері кітапханаға саяхат жасады. Ақпараттық мәдениет негіздері бойынша сабақтар өткізіліп, студенттер электрондық білім беру ресурстарымен, кітапхананың анықтамалық-іздеу аппаратымен, құжаттарды сипаттау және библиографиялық тізімді ресімдеу ережелерімен танысты. Сонымен қатар электронды каталогпен және электронды-кітапханалық жүйелермен жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды.
Өзге де топтардың кураторлары өздеріне ыңғайлы уақытты таңдап, кітапхана жұмысымен таныстыру сабақтарын ұйымдастыру үшін кітапхана дирекциясына алдын ала өтінім бере алады.