object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 23:03:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Білім берудегі заманауи технологиялар

18 наурыз күні Тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары «Заманауи білім беру жағдайында оқу үдерісін қарқындату» атты әдістемелік онлайн-семинар өткізді, оған Қостанай қаласының мектептері мен колледждерінің мұғалімдері шақырылды.

Семинарға 37 педагог қатысты, оның ішінде қаланың 12 мектебінің мұғалімдері, колледж оқытушылары, орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері бар.

Семинардың мақсаты - білім беру саласында тәжірибе алмасу және озық технологиялармен танысу. Сондай-ақ білім беру процесінде дидактикалық және әдістемелік сипаттағы қиындықтарды анықтау, қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқу процесін жетілдіру, орыс тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологияларын, нысандары мен әдістерін енгізу.

Семинардың модераторлары: филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Татьяна Пчелкина, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Людмила Конвисарова.

Семинарда келесі баяндамалар оқылып, презентациялар көрсетілді:

Онлайн-семинарға қатысушылар мектеп пен ЖОО-да қашықтықтан оқыту жағдайында инновациялық білім беру технологияларын енгізу мәселелерін талқылады, оларды іске асырудың әдістері мен тәсілдерімен бөлісті.

 

Қабылдау комиссиясы