object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 12:21:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Қазақстандық студенттерге арналған DAAD бағдарламасы

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің шақыруымен Неміс академиялық алмасу қызметінің (DAAD) өкілдері Торстен Кэслер мен Ирина Те келді. Германияда өтетін «Жазғы тіл мектебіне» оқуға бару үшін байқауға қатысуға 40-тан астам студент ниет білдіріп, неміс тілі бойынша тест тапсыруға тіркелді. Кездесуге А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттерінен бөлек, қаланың басқа оқу орындарының студенттері де шақырылды.

Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құрамға, магистранттарға және DAAD стипендиялық бағдарламалары бойынша Германияда білім алып, зерттеу жүргізгісі келетіндерге ақпараттық семинар өткізілді.

Қазақстаннан DAAD бағдарламасы бойынша білім алуға үміткерлерді іріктеу конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссияның көмегімен жүзеге асырылады. Оның құрамына Қазақстан мен Германия университеттерінен арнайы шақырылған профессорлар, сондай-ақ DAAD серіктес ұйымдарының өкілдері кіреді. Іріктеу кезінде үміткердің оқу үлгерімі, емтихан нәтижелері, ғылыми біліктілігі, ғылыми жобаның сапасы мен өзектілігі, мотивация, неміс немесе ағылшын тілін білуі (бағдарламаға байланысты) ескеріледі. Сондай-ақ Германиядағы жоғары оқу орнымен байланыс, арнайы шақырту сияқты ерекшеліктер болуы мүмкін. Қабылдау комиссиясының қарауына қажетті құжаттардың толық жиынтығы бар өтінімдер ғана ұсынылады.

Жалпы DAAD бағдарламасы студенттерге 7 күннен 4 аптаға дейін созылатын жазғы тіл курстарын және магистранттарға арналған дипломнан кейінгі бағдарламаларды, сондай-ақ ғалымдар мен оқытушыларға арналған ғылыми-зерттеу бағдарламаларын ұсынады.

Қабылдау комиссиясы