Еліміздегі жоғары оқу орындарының 2020 жылғы рейтинг қорытындылары жарияланды. Зерттеу жұмыстарын ҚР БҒМ тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты жоо-лардан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты, – деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейтинг қорытындысы бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы 71 пайызды құраған. Оның 58 пайызында тұрақты зейнетақы аударымдары бар.
Рейтинг аясында 2 мың білім бағдарламасы зерттелді. Жоғары оқу орнын бітірген 68 мың түлектің жұмысқа орналасу көрсеткіші талданды.
Рейтинг негізі 17 критерий бойынша жүргізілді. Оның ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы, олардың орташа жалақысы, жұмыс іздеу құжаттары мен бағдарламаның өзектілігі бағаланды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген рейтинг қорытындысы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің білім бағдарламалары арасында бірінші үштікке іліккендерді суреттен көре аласыздар.