object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 05:40:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ашық дәріс

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Ғылым қызметкері күніне орай бірнеше іс-шаралар жоспарланған болатын. Солардың бірі - Қостанай педагогикалық колледжі студенттері үшін ұйымдастырылған «Ахмет Байтұрсынов - ұлтты ағарту жолындағы ұлы тұлға» диалог алаңы. Іс-шара барысында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Ералина колледж студенттерінің алдында «А.Байтұрсыновтың педагогикалық және қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбында ашық дәріс оқыды. Баяндама барысында автор Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынов мысалында білім берудегі сабақтастық мәселесін қозғады. Зайырлы білім беру мәселелері, сол кезеңдегі мектептерде оқулықтар мен оқытуларды қалыптастыру және басып шығару ерекшеліктері қарастырылды.

Колледж оқытушылары мен студенттерінің, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен докторанттарының қатысуымен өткен диалог алаңында университетіміздің тағы бір өкілі, филология мамандығының магистранты Данияр Ихсан ««Қазақ» газеті мен Ахмет Байтұрсынов» баяндамасын ұсынды. Газеттегі қызықты жарияланымдар, баспа ерекшеліктері, газет маркетингі, сол кезеңдегі авторлардың кітаптарын қалыптастыру және басып шығару Д.Ихсанның баяндамасында айтылды.

Колледж студенттері де диалог алаңының қонақтарына өз көзқарастарын ұсынды, баяндамаларын оқыды, сондай-ақ ҚӨУ-нің А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің қызықты фактілері бойынша сұрақтар қойды.

Диалог алаңының модераторлары, колледж әдіскері Жанар Кусеубаева мен педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Динара Кокенованың арқасында бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті.

П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Қостанай педагогикалық колледжі ұжымымен және білім алушыларымен одан әрі ынтымақтастыққа үмітті.

Қабылдау комиссиясы