object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 18:15:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Арнайы педагогтар» үшін екілік дәріс

Арнайы педагогика ББ-ның студенттері үшін кафедра филиалы, Қостанай қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті «Дамуында күрделі кемістігі бар балалардың сөйлеу кемістігін еңсеру бойынша логопедтік жұмыс» тақырыбы бойынша екілік дәріс өткізді.

Сабақты А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі Людмила Лиходедова және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді Анна Тен жүргізді.

Дәрістің мақсаты дамуында күрделі кемістігі бар балалардың сөйлеу кемістігін жою бойынша студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Сабақта дамуында кемшіліктері бар балалардың сөйлей алмауының себептері сараланды, сөйлеу кемшіліктерін жеңу үшін логопедтік әсер ету әдістері ұсынылды, сонымен қатар студенттер назарына аппараттық құралдар ұсынылды. Сондай-ақ логопедтік жұмыстың практикалық мысалдарына талдау жүргізілді.

Қабылдау комиссиясы