object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 17:29:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ана тілі күніне арналған онлайн-викторина

Инновациялар айы аясында тілдік дайындық орталығының аға оқытушысы Коваль Олеся Quizizz платформасында халықаралық Ана тілі күніне арналған «Думай! Знай! Познавай!» онлайн-викторинасын өткізді. Ана тілі күні бүкіл әлемде 2000 жылдан бері аталып өтеді. «Думай! Знай! Познавай!» онлайн-викторинасына студенттер аса қызығушылықпен қатысты. Викторина есте сақтау, ойлау, командалық рухтың дамуына, объективті болуға, өз көзқарасын қорғауға және басқаларды құрметтеуге ықпал етеді. Қатысушылар өзінің туған тіліне және шет тіліне құрметпен қарауы, әлемде көптеген тілдер бар екенін білуі және олардың әрқайсысын бағалауы тиіс.

«6В011512 – Биология-Химия» және «6В01701 – қазақ тілі мен әдебиеті» студенттері қатысқан онлайн-викторинаның нәтижесі төмендегідей:

1 орын – Жұмабаева Әйгерім;

2 орын – Аманкелдиева Әйгерім;

3 орын - Селеу Жансая.

Қабылдау комиссиясы