object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 03:21:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Америка ғалымдарының қатысуымен өткен семинар-тренинг

Калифорния университетінің Сан-Диего медицина мектебінің психиатрия кафедрасының профессоры Игорь Куценок пен Университеттер консорциумының тренері, психоактивті заттарға тәуелділікті зерттеу бойынша ғылым кандидаты Анна Блум А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің психология ББ-ның оқытушылары және Қостанай қаласының білім мекемелерінің психологтары, сондай-ақ нашақорлық пен алкоголизм мәселесімен жұмыс істейтін медицина мамандары үшін семинар-тренингтер өткізуде.

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Психология», Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының «Педагогика және психология» кафедраларының бастамасымен ұйымдастырылған семинар «Психоактивті заттарды қолданудың алдын алу мәселесіне заманауи ғылыми көзқарастар; оларды қолданумен байланысты бұзылыстарды түзету» мәселесіне қатысты болды.

Аталмыш тренингтерді өткізуге қол ұшын берген университеттің серіктестері: Қостанай қаласының білім басқармасы, Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы, ҮЕҰ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.

Айта кетейік, 2021 жылдың қараша айында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і әлемнің 300-ден астам университетін қамтитын Халықаралық университеттер консорциумының мүшесі атанған болатын. Консорциумның жұмысы есірткіге деген сұранысты азайту және есірткіге тәуелділіктің алдын алу, әсіресе есірткіні қолданудың салдарын емдеу бойынша ғылыми білімді беруге және бейімдеуге бағытталған. Сонымен қатар консорциум оқу жоспарларымен алмасуға және тәуелділікке шалдыққан жандарды емдеуге мүдделі мамандарды оқыту мен кәсіби дамытуды жақсартуға ықпал етеді.

Қабылдау комиссиясы