20-21 сәуірде Алматы қаласында «Білім беру процесінің қатысушыларына тиімді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған сарапшылар ретінде Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың педагогика және психология кафедрасының оқытушылары қатысты. Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Татьяна Смаглий және магистр, аға оқытушы Динара Тойымбетова «Студенттердің тұрақтылығын арттыру шарты ретінде семантикалық өзін-өзі реттеуді дамыту» баяндамасымен сөз сөйледі.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Ербол Исакаев ЖОО-да педагог-психологтарды даярлауды ұйымдастыру мәселесі бойынша іс-шараның сарапшысы ретінде қатысты.
Екі күн бойы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерінің педагог-психологтары өз тәжірибелерімен бөлісті, диалог алаңдарында жаңа идеяларымен таныстырды, секциялық кездесулерде сөз сөйледі. Алматы қаласы мен Алматы облысының білім беру мекемелерінде сынақтан өткен және танымал болған «Alem Resepch «Жанұя», «Білім беру технопаркі» ҮЕҰ жобаларының көрмесі конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Жасанды интеллектті қолдануға негізделген психология мен педагогиканың инновациялық технологиялары мен форматтары педагог-психолог жұмысының сапасын ғана емес, сонымен қатар оның маман дайындаудағы көрсеткіштерін жоғарылатады.