А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің экономикалық бейіндегі мамандықтары халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылары білім беру бағдарламаларына, ақпараттық ресурстардың сапасына, оқытушылар мен студенттер арасындағы байланыс деңгейіне талдау жүргізді.
Бірнеше күн бойы оқытушылар мен білім алушылар әңгімелесуден өтіп, дайындық деңгейін көрсетті, жұмыс берушілер ынтымақтастық тәжірибелерімен бөлісті.
Осылайша, республикалық Аккредиттеу кеңесінде комиссияның есебі қаралып, Baitursynov University бакалавриатының, магистратурасының және докторантурасының 13 білім беру бағдарламасын халықаралық аккредиттеу туралы шешім қабылданды.