2017 жылғы 9 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетінің базасында кафедра апталығы аясында Эразмус + Еуропалық одағы ортақ қаржыландыратын ACADEMICA халықаралық жобасының пилоттық тобына арналған семинар (Accessibility and Harmonization of Higher Education in Central Asia through Curriculum Modernization and Development ACADEMICA Project №561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP) өткізілді.
Жоба жетекшісі М.В.Сухов баяндама оқыды. Семинарда жобаның басты кезеңдері, іске асырылуы сөз болды. В.В.Данилова баяндама оқып, жоба бойынша жұмыс алгоритмін, оның интерактивті сипатын түсіндіруге тырысты. Семинарға қатысушылар жоба бойынша сұрақтар қойып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.