object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 18:27:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институтының филиалы ашылды

Бүгін өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесін дамыту және өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институтымен ынтымақтастық туралы екі жақты келісім жасалды. Меморандумға университетіміздің ректоры Алма Дощанова мен Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институтының бірінші вице-президенті Иса Самсаев қол қойды.

Университет базасында Сара Назарбаева негізін қалаған "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының қолдауымен Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институтының филиалы ашылды.

Біздің ынтымақтастығымыз "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық кадрларды даярлауға жағдай жасауға бағытталған.

"Өзін-өзі тану" – бұл балалар мен жастарды тәрбиелеу және оқыту жүйесінің негізі. Өзін-өзі тану негізгі жалпыадамзаттық құндылықтарға: көршімен сыйласуға, өзара сыйластыққа, бір-біріне көмектесуге үйретеді.

Бұл филиалдың ҚӨУ педагогикалық институтының негізінде ашылуы стратегиялық маңызды. Мұнда жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, колледждердің, университеттердің мұғалімдері оқып, біліктілігін арттыратын болады.

Ынтымақтастық шартына мыналар кіреді:

- ғылыми-зерттеу және оқу материалдарымен алмасу,

- ғылыми және сараптамалық зерттеулерді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін білім беру ұйымдарының қызметіне енгізу,

- бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Жаңадан ашылған өзін-өзі тану кабинеттері бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін лекциялар мен практикалық сабақтар өткізуге арналған көрнекі құралдармен, оқу құрал-жабдықтарымен, жиһаздармен және техникалық оқу құралдарымен жабдықталған. Бұл бастама болашақ мамандарды даярлау процесіне оң әсер етеді деп сенеміз.

 

Қабылдау комиссиясы