object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-19 22:19:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Белгілі журналист кәсіби тәжірибесімен бөлісті

Бүгін «Журналистика» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған мастер-класс өтті, оны республикалық «Время» газетінің тілшісі Стас Киселев өткізді.

Қазақстанға және алыс-жақын шет елдерге танымал журналист болашақ БАҚ қызметкерлеріне мамандықта табысқа жетудің құпияларын ашты. Ол сонымен бірге журналистік материалдарды дайындау процесі, өзекті тақырыптарды қайдан және қалай іздеу керек екендігі, ақпарат берушілермен қатынас орнату, тілшінің өзінің интеллектуалды деңгейін көтеруі сияқты сауалдарға ерекше тоқталып өтті. Кәсіби маманның әр түрлі жағдайлардағы әрекеттерін сипаттап, ұтымды кеңестер берді. Спикердің ойынша: «Журналистика - бұл ең алдымен өнер, содан кейін шығармашылық және интернеттің үстемдігіне қарамастан мерзімді басылымдар әлсіремейді, әлі де сұранысқа ие».

Қабылдау комиссиясы