object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 16:14:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Теориялық білімді тәжірибеде қолдану

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті В.И.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының ветеринарлық медицина кафедрасының студенттері Қостанай ауданы, Дружба ауылында орналасқан «Билд-Сервис» ЖШС-де болды. Кафедраның аға оқытушылары Баймұхан Темірбек, Жүрсін Сыздықов, Нұргул Баимбетова Ветеринарлық медицина мамандығының 3 курс студенттеріне тәжірибе-сабақ өткізді.

Алдымен студенттерді шаруашылықпен таныстырып, малға жақындау, дәрі дәрмек егу әдістерін көрсетті. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер ірі қара малға ректальды әдіс жүргізді.

Аталмыш кафедра студенттерінің екінші тобы «Зоодиагностика» клиникалық диагностика орталығына барды. Онда олар жануарларға клиникалық тексеру жүргізіп, зертханалық, рентгендік зерттеулер мен ультрадыбыстық диагностиканы жүргізу әдістерін үйренді. Студенттерді кафедра оқытушылары Гүлмира Есетова, Әсел Ерғазина бастап барды. Ал тәжірибе-сабақтарының модераторы – ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі Марат Аубакиров.

Студенттер шаруашылықта, орталықта теориялық білімдерін тәжірибелік сабақпен ұштастырып, білімдерін толықтырды.

Қабылдау комиссиясы