А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығына (бір академиялық кезеңге) арналған Қазақстан Республикасының Президенті атындағы стипендия тағайындауға конкурс жариялайды.
Конкурсқа оқудағы көрсеткіштері «өте жақсы» (А, А-) бакалавриаттың күндізгі бөлімінің 3-4 курс студенттері және магистратураның екінші курс студенттері қатыса алады. Бір айта кетерлігі, Президенттік шәкіртақыға грантта оқитын, сонымен қатар ақылы негізде оқитын студенттер де өтініш бере алады.
Президенттік шәкіртақыға толық үміткер бола алатындар:
- республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторлары;
- ғылыми еңбектері жинақтарға енгізілген немесе республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған басылым авторлары;
- ғылыми жетістіктері дипломдармен, мақтау қағаздарымен, сертификаттармен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
- университеттің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатын студенттер.
Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 20 қаңтарына дейін.
Құжаттар тізімі:
2. Жеке куәліктің көшірмесі
3. Барлық растайтын құжаттардың көшірмелері (дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар және т.б.)
4. Барлық қолдары мен мөрі қойылған транскрипт.
Барлық сұрақтар бойынша сіз өзіңіз оқитын институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен байланыса аласыз.