object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-12 23:32:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тағы 4 жаңа зертхана

Жаңа оқу жылынан бастап Baitursynuly University-де тағы 4 жаңа зертхана жұмысын бастайды.

Бұл Дүниежүзілік банк қаржыландыратын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында іске асты. ⠀

Физика, химия, биология және инклюзивті білім беру зертханалары Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында орналасқан. Заманауи техникамен және соңғы оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған. ⠀

Инклюзивті білім беру зертханасы Baitursynuly University үшін түбегейлі жаңалық болып саналады. Ол бірнеше аймаққа бөлінген: оқу, ойын, релаксация және сенсорлық аймақ.

Мұнда инновациялық салалық технологияларды пайдалана отырып, мектеп мұғалімдері мен басқа да мамандарды даярлауда инклюзивті және арнайы білім беру саласында ғылыми және практикалық сабақтар өткізетін болады.

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өтті, қыркүйек айынан бастап студенттерді оқытуға әзір.

Қабылдау комиссиясы