object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 21:46:08.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

2021 жылы грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді

Мемлекеттік гранттарды өтеу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың басында грантты өтеуге қойылатын талаптар жеңілдетілген болатын.

Бұған дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған азаматтар грантты тек мемлекеттік ұйымдарда және 3 жыл көлемінде жұмыспен өтеуге міндетті болған болса, енді жекеменшік кәсіпорындарда да өтей алады.

Сонымен қатар, өзгерістер еңбек шарттарына да әсер етеді, яғни азамат қанша жыл грант арқылы оқыса, грантты дәл сол мерзімге сәйкес өтей алады. Мысалы, сіз ақылы бөлімге университетке түсіп, 2 жылдан кейін жақсы оқу үлгеріміңіз үшін мемлекеттік білім грантын алсаңыз, онда сіз сәйкесінше тек 2 жылдық мерзімді ғана өтейсіз. Сондай-ақ мемлекеттік грантта тек бір жыл ғана оқып, әр түрлі себептермен ақылы бөлімге ауысуыңыз мүмкін. Бұл жағдайда да грантты өтеу керек, бірақ тек бір жыл көлемінде.

Қабылдау комиссиясы