object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 16:10:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

190 сиыр, Париж және жаңа өмір

Осы жазда Baitursynuly университетінің 4 курс студенті Алдияр ЕСТАЙ Германияда өндірістік практикада жүр. Ветеринариялық санитария кафедрасының студенті біздің сұрақтарымызға жауап берді.

ҚАЙДА ТҰРЫП ЖАТЫСЫҢ? 

- Көктемде Франкфурт-на-Майне қаласына ұшып келдім. Мұнда барлық студенттер үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Содан кейін біз практикалық орындар5а бөліндік. Менің басшым Инго Фабрициус мені вокзалда қарсы алып, өз отбасымен таныстырды. Маған өте жақсы адамдар кездесті. Мен басшымның ата-анасының үйінде тұрып жатырмын. Маған өте жақын қарайды.

ӨЗГЕ ТІЛДІ МЕҢГЕРІП АЛУ ҚИЫН БОЛДЫ МА?

- Алдымен қиын болды. Үш айдан кейін бәрін түсініп, сөйлей алатын болдым. Бұл студенттерге ескертерім: қорықпаңыздар, курстарға барыңыздар! Негізгі дағдыларды меңгеріңіздер, ал кейін тілдік орта көмектеседі.

НЕ ҮЙРЕНДІҢ? 

- Қазір маған техниканы басқаруға рұқсат береді. Таңертең, кешке күн сайын автоматтандырылған аппаратмен сиыр сауамын. Айта кетейін, шаруашылықта 190 сиыр және оның төлдері бар. Жануарларға азық беремін, тазалық жұмыстарын жүргіземін, ветеринардың тексерісіне қатысамын. Жұмыс күні таңғы алтыда басталады. Әр апта сайын жұмыс пен жаңа дағдылар туралы есеп жазамын. Практикада көп нәрсені үйрендім. Сиырларды төлдетіп, емдедім. Мұнда автоматтандыру деңгейі өте жоғары, гигиена мен командалық жұмыс жоғары деңгейде. Сондай-ақ, жалақы төлейді, ал шығын өте аз.

ДЕМАЛЫС ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР? 

- Демалыс күндері Германияны аралаймын. Шетелдерді араладым, Парижде болдым! Мұнда көп жергілікті мерекелер бар. Басшымның отбасы мені үнемі өздерімен бірге ертіп жүреді. Шілде айында жалпы семинарда барлық қазақстандық студенттердің басын қосты. Біз арақашықтағы кәсіпорындарға экскурсия жасадық: ара шаруашылығы, раушан өсіретін орындар… Сонымен қатар, нағыз қамаллды көрдік!

ҮЙГЕ САҒЫНАСЫҢ БА? 

- Мен Карасу ауданынанмын, осылайша алғаш рет үйден алыс жерге шықтым. Әрине, ата-аналарым алаңдады. Біз үнемі хабарласып тұрамыз, оларға менен жалынды сәлем! Әрине, сағынамын. Бірақ мұнда маған бәрі қызықты, бұл менің болашағыма негіз болатынын білемін.

НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ? 

- Шетелдегі практика – бұл кәсіби даму және жеке өсу мүмкіндігі, тәжірибе алуға үлкен мектеп.  Сонымен қатар, жауапкершілік. Өйткені, бөтен елде сіз бүкіл еліміздің, халқымыздың және, әрине, университетіміздің атынан келіп тұрсыз. ҚӨУ-не түскеніме өте қуаныштымын. Мұнда өзіңді дамыту үшін керемет мүмкіндіктер жасалған!

Қабылдау комиссиясы