object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 04:38:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ШЫҢҒЫСТЫҢ АЛТЫНЫ

Baitursynuly University студенті Шыңғыс Жүсіпов үшін биылғы жыл керемет басталды. Дарынды спортшының қоржынында Қазақстан чемпионаттарының екі алтын медалі бар!

Шыңғыс – дене шынықтыру және спорт факультетінің екінші курс студенті, «Аламан» спорттық-кәсіби клубының тәрбиеленушісі. @Chingizzhussupov_

Оның жетістіктері мақтануға тұрарлық – 2022 жылғы ММА бойынша әлем чемпионы, 2023 жылғы ММА бойынша әлем чемпионатының жүлдегері, панкратионнан 2021 және 2023 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, жекпе-жектің бірнеше түрінен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және кубоктардың иегері.

Біздің студентіміз Қарағандыдан кезекті алтынды жеңіп алып келді. Онда панкратион бойынша Қазақстан Чемпионаты және ММА бойынша Қазақстан біріншілігі өткен болатын.

Біздің батырымыз тоғыз жекпе-жек өткізіп, Үндістан, Түркия, Өзбекстанда өтетін әлемдік турнирлерге жолдама алды.

Шыңғысты кезекті спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз және әлемдік ареналарда сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы