Baitursynuly University сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіруге арналған кезекті кездесу өтті.
Жастар саясаты басқармасының мамандары ҚӨУ-дің комплаенс-офицерімен бірлесе отырып, 11 сәуір күні университеттің №2 корпусында (ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті, машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті) іс-шара өткізді.
Студенттер мен оқытушыларға салауатты білім беру ортасын қалыптастырудың маңызды бөлігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау екені еске салынды. ҚӨУ ұжымы адалдық пен ашықтық атмосферасын қалыптастыруға ұмтылады, мұнда әрбір қызметкер мен студент сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғайтын нормаларды сақтауға жауапты екенін түсінеді.
Осы мақсатта университетте тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру және оқыту іс-шаралары өткізіледі. Олар қолданыстағы заңнама туралы хабардарлықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бұл жұмыс түсіндіру кездесулері, дәрістер, семинарлар, вебинарлар және онлайн-тренингтер форматында жүргізіледі. Қатысушылармен нақты кейстер мен практикалық жағдайлар талқыланады.