Baitursynuly University-де студенттермен ЖИТС пен АИТВ-ның алдын алу шараларына арналған кездесу өтті. АИТВ жұғу жолдары, қазіргі заманғы диагностика мен емдеу әдістері, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары жөнінде Костанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының өкілі - Серік Қадрон студенттерге мәлімет берді.
Іс-шара әртүрлі факультеттерден өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтауға бей-жай қарамайтын студенттерді жинады.
- Костанай облысында АИТВ диагнозымен науқастар саны шамамен 4 000 адам, - деді Серік Қадрон. - Олар көбіне бұл ауру туралы кездейсоқ түрде біліп жатады: медициналық комиссиядан өту кезінде, операцияға дайындалу немесе басқа себеппен поликлиникаға барған сәттерде. Сондықтан өзіңіз үшін жылына бір рет АИТВ талдауын тапсыру - ең дұрыс шешім.
Анализдерді Қостанай қ., Амангельды 134 мекен-жайы бойынша орналасқан Костанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығында тегін тапсыра аласыздар!