object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 13:44:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жылдың үздік кураторы!

«Жылдың үздік кураторы» дәстүрлі байқауы осы жылы ерекше форматта өтті. Өкінішке орай, «Біздің куратор – ең жақсы!» сияқты плакаттармен, құшақ-құшақ гүлдермен, ыстық лебіздерімен қолдап отыратын студенттері болған жоқ. Соған қарамастан, жарыс on- line режимде өтті және жылдың финалистері анықталды.

Бұл байқаудың мақсаты – тәрбие жұмысының жүйесінде кураторлық қызметті жандандыру және ынталандыру, сонымен қатар болашақ маманның жеке тұлғасын қалыптастырудағы куратордың маңыздылығын көпшілікке таныту. Байқауға жас кураторлар да, тәжірибелі ұстаздар да қатыса алады. Олардың әрқайсысы әртүрлі, дегенмен ұстаздарды шығармашылық көзқарас, жүктелген міндеттер үшін үлкен жауапкершілік және өз қызметіне, студенттерге деген сүйіспеншілік біріктіреді.

Байқаудың алғашқы екі кезеңі институттарда студенттік топтардың қатысуымен өтті. Әр түрлі облыстарда бола тұра студенттер «Біздің куратор - үздік!» бейнесюжетінде өздерінің кураторларының жеке қасиеттерін атай отырып, қолдай алды. Кураторлар өз кезегінде ұсынылған тақырыптардың ішінен көңілге қонымдысын таңдап, эссе байқауына дайындалды.

Қазылар алқасына бұл байқауды бағалау қиын болды, өйткені барлық қатысушылардың шығармаларының мазмұны өте прозалық сипатта болды және студенттер мен кураторлардың сабақ уақытынан кейінгі қатынастарын, жеке әсерлерін көрсетті.

Екі жарыстың қорытындысы бойынша 6 финалист анықталды:

  1. Ангелина Жусупова – аграрлық-техникалық институт
  2. Гүлзат Жетпісбай – аграрлық-техникалық институт
  3. Асемгүл Молдашева – аграрлық-техникалық институт
  4. Айнұр Сүлейменова – экономика және құқық институты
  5. Диана Есіргепова – экономика және құқық институты
  6. Орал Такиров – экономика және құқық институты.

 

Байқаудың үшінші кезеңіне қатысу үшін кураторлар педагогикалық жағдайды шешуге тура келді. Бұл білім сынағы емес еді, өйткені байқау форматы стандартты емес сұрақ болғандықтан, куратордың жеке көзқарасын, оның жетілу дәрежесін, тез ойлауы мен өзіндік ерекшелігін көрсететін шығармашылық жауап қажет болды. Байқау финалистерінің жауаптары қазылар алқасының мүшелеріне ұнады және кураторлардың педагогикалық бағытын, даналығы мен шеберлігін тағы бір дәлелдеді.

Байқау комиссиясының шешімімен «Жылдың үздік кураторы» атағы аграрлық-техникалық институтының оқытушысы Гүлзат Жетпісбайға берілді.

Байқау жеңімпазын және барлық финалистерді құттықтаймыз! Кәсіби қызметтеріңізде табыстар тілейміз!

Қабылдау комиссиясы