2020 жылдың 9-23 қараша аралығында университетте «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2020» байқауының ЖОО ішіндегі кезеңі өткізіледі.
Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар, конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар қатыса алады.
Конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңіне қатысу үшін үміткерлер 2020 жылдың 9 қарашасына дейін мынадай құжаттарды электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште береді:
1) Конкурс Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) Конкурс Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) Конкурс Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын мына жерден жүктеуге болады