А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма төрайымы м.а. – ректоры Дощанова Алма Іргебайқызының Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауына байланысты пікірі
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы – әрбір қазақстандықтың өміріндегі ең маңызды оқиға, әсіресе пандемия мен жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында өте маңызды.
Президентіміздің осы жолғы Жолдауы Білім күнімен тұспа-тұс келді, жаңа оқу жылының бірінші күні Қасым-Жомарт Кемелұлы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, елдің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттары туралы айтты.
Пандемия бізді болып жатқан өзгерістерге белсенді әрекет етуге бейімдейді. Дағдарыстан минималды шығындармен шығу үшін барлық ресурстарды жұмылдыру қажет. Сонымен қатар Президент К.-Ж.K. Тоқаев Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының жеті қағидаты, оның ішінде «адами капиталды дамыту,білім берудің жаңа түрін инвестициялау» туралы сөз қозғады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке өмір бойы білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды: «Қазіргі заманғы шындық – бізге білім берудің жаңа үлгісінің қажет екендігінің нақты айғағы. Ресми емес білім берудің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби шеберлікті сертификаттауды қамтамасыз ету қажет».
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мамандарды тәжірибеге бағыттап даярлауда дуалды оқытуды негізге ала отырып, ғылым, ғылыми зерттеу қызметі, StartUp жобаларын жүзеге асыру барысында облыстың жетекші кәсіпорындарымен бірге студенттердің кәсіби шеберліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Біздің университетте студенттердің кәсіпкерлігіне үлкен көңіл бөлінеді және бұл тұрғыда қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Оқу орнындағы аймақтық Smart-орталық инкубацияның, акселерацияның және коммерцияландырудың барлық кезеңдерінде авторлық бизнес-жобаларды «идеядан нәтижеге дейін» қолдайды. Университеттің коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесіне ауысуы кәсіпкерлікті дамытуға көптеген мүмкіндіктер мен еркіндік береді. Осыған байланысты университеттің стратегиялық даму жоспарында студенттер мен оқу орны ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін коммерциализациялау деңгейін бағалайтын арнайы индикатор қарастырылған.
Ғылым уақытпен және қоғам қажеттіліктерімен қатар жұмыс істейді. Жаһандық пандемия кезінде университет аймаққа шынайы қолдау көрсетті.Университеттің Қолданбалы биотехнология институты жаңа полимеразды тізбекті реакция әдісін қолдана отырып, COVID-19 вирусына диагностика жүргізді.
Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институты – магистрлік және докторлық диссертациялар үшін қолданбалы зерттеулер жүргізетін орын. Институт зертханаларында молекулалық-генетикалық, иммунобиологиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Осы уақытқа дейін ғылыми-зерттеу институтының молекулалық-генетикалық зерттеулер зертханасының қызметкерлері 12 433 сынаманы зерттеді, оның 2091-нен COVID-19 анықталған.
Біз бір орында тұрған жоқпыз, ғылыми жұмыстар шеңберін кеңейтудеміз. Осылайша, университеттің Smart-орталығында үш зертханалық LabNetwork зертханалық кешені ашылды, ол үш бөліктен тұрады: физикалық-химиялық зерттеулер, агрохимиялық зерттеулер және түсті металдарды биолиздеу зертханасы, биогаз және био тыңайтқыш алу үшін органикалық қалдықтарды кәдеге жарату. Осы кешен аясында Ресей мен Еуропаның жетекші ғалымдарының бірлескен ынтымақтастық жобалары жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда ҚӨУ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыруда, заманауи ІТ-инфрақұрылымын кеңейтуде, біз жаңа IT білім беру бағдарламаларын ашып жатырмыз, яғни Президент атап өткендей, білім берудің жаңа түріне инвестиция құйып жатырмыз.
Білім саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар, академиялық еркіндік қағидаттарын енгізу, ғылыми саланың дамуын қолдау бізге еңбек нарығының қажеттіліктеріне дайын болуға мүмкіндік береді.
Президенттің Жолдауы қосымша серпін беріп, университеттің кадрлық әлеуетін одан әрі дамытудың жаңа мақсаттарын айқындайды.
Университет ұжымы жоғары білім беру жүйесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын.