object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 22:11:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жұмыспен қамтудың жол картасы туралы

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында экономика және құқық институты түлектерді жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері бойынша Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығымен онлайн-кездесу өткізді. Онлайн-кездесуге «Қостанай жұмыспен қамту орталығы» жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің маманы - Бану Сүлейманова, Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденов, директордың мансап және жұмыспен қамту жөніндегі орынбасары Елена Васильчук, түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты кафедрадағы жауапты оқытушылар, кафедра меңгерушілері мен институттың түлектері қатысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша түлектердің көп бөлігі қамтылады және бағдарлама жүзеге асырылатын алты ай ішінде жас мамандар тәжірибе, белгілі бір дағдылар жинап, лайықты жұмыс таба алады », - деді Бану Сүлейманова. Сонымен қатар түлектер тәжірибе барысында еңбек ақысын да алады және осы бағдарламаның көмегімен, мемлекеттің қолдауымен жас мамандар еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктерін арттырып, мансаптық өсудің негізін қалайды. Мұндай кездесулер университет пен түлектердің және Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығы арасында тығыз ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді, сондықтан болашақта да осы сынды кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.

 

 

Қабылдау комиссиясы