Бүгін Мансап және жұмыспен қамту орталығы биылғы жылғы түлектерді жұмысқа орналасуға көмектесуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру үшін онлайн-вебинар өткізді. Вебинарға мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚМУ-нің соңғы курсының студенттері қатысты, барлығы 60 адам.
Қатысушылар тізіміне әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың өкілдері кіреді: Марат Жұрқабаев - Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бастығы, Гаухар Тлеубаева - Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыспен қамту бөлімінің бастығы, Баян Жұмағұлова – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қостанай облысы бойынша қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы, Роза Байтенова – «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің педагогикалық кадрлармен жұмыс және адами рестурстарды басқару бөлімінің бас маманы.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті - жыл сайын 1500-ге жуық жас мамандарды даярлап шығаратын аймақтық көпсалалы университет. Короновирустық пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізуде, ал экономикалық өсудің бәсеңдеуі жұмыс орындарының қысқаруына әсер етуі мүмкін. Сондықтан университет басшылығы түлектерінің жұмысқа орналасуына алаңдайды және олардың диплом алғаннан кейін қызметке орналасуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысады.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесу түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Вебинарға қатысушылар кәсіби құзыреттіліктер мен дағдылардан басқа, жеке тұлғалық құзіреттіліктерді дамыту қажет екенін түсінді, мысалы адамгершілік, топпен жұмыс, ой ұшқырлығы, ұқыптылық сияқты қасиеттер кадрларды таңдауда шешуші рөл атқаруы мүмкін.