6D050400 және 6M050400-Журналистика білім беру бағдарламаларының магистратура мен докторантурада мемлекеттік гранттар бойынша оқыған студенттерді жұмыс орындары бойынша бөлді. Бұл процедура онлайн режимде жүргізілгеніне қарамастан, түлектер ақпараттық еңбек нарығындағы сұранысты растайтын барлық қажетті құжаттарды тапсырды. Олар баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ Қостанай облысының баспасөз қызметтеріне жұмысқа орналасатын болады.
Әлеуметтік ғылымдар магистрінің дипломы бар мамандар - кәсіби журналистердің жаңа буыны. Ал докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыра отырып, университетке білікті оқытушы ретінде оралады.