object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:31:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жатахана

Әлемдік стандарттар бойынша білім беру жүйесін құра отырып, бізге оқытудың сапасына және студенттердің өмір сүру жағдайларына ерекше көңіл бөлу маңызды.
2018 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаев «5 әлеуметтік бастама» үндеуінде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханалармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен болатын.

Осылайша, студенттер, магистранттар мен докторанттардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі есебінен жатақхана салу жұмыстары басталды.

Екі жыл бойы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ұзақ, тынымсыз, нормативтік және әкімшілік дайындық жұмыстарын  жүргізді және жеткізушілерді іздеді.
Жобаның арзандауының арқасында орын саны 700-ге дейін артты. Жоба 2021 жылдың желтоқсанында салынып, пайдалануға беріледі.
Осының арқасында біз нақты нәтижеге қол жеткіздік. Университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен дамыған инфрақұрылымы бар заманауи жатақхананы салу туралы консорциум келісімге қол қойды.

Қабылдау комиссиясы