Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің конференция залында «Жас ұрпақ үшін жас мемлекеттік қызметші мектебінің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның басты мақсаты - ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды, бітіруші курстардың студенттерін мемлекеттік қызметке тарту болып табылады.
Жиынға ҚӨУ-нің ректоры Сейтбек Қуанышбаев, проректорлар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлан Салықбаев, Қостанай облысының әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали және басқа да спикерлер мен мемлекеттік қызмет ардагерлері, ЖОО студенттері қатысты.
Айта кету керек, Арқалық және Рудный қалалары оқу орындарының студенттері zoom бағдарламасы арқылы шараға қосылды.
Спикерлер мен оқу орнымыздың басшысы Сейтбек Бекенұлынан кейін жиын қонақтары -мемлекеттік қызмет ардагерлеріне сөз берілді. Олар өздерінің тәжірибелерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Жиын соңында студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, сұрақ-жауапқа ұласты.