object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 02:40:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Жас педагог» байқауы

 

Мұғалімнің жұмысы адамның дамуында маңызды роль атқараты. Педагогтардың таланты мен шығармашылығының арқасында оқу орындарында лайықты білім мен тәрбие алуға мүмкіндігіміз бар.

Бүгін П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының қабырғасында көптеген жас және жігерлі оқытушылар жұмыс істейді. А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсыновтың шығармашылығындағы оқыту мен тәрбиелеу идеяларын таныту, сондай-ақ П.И. Чужинов атындағы ЭжҚИ-да педагог мәртебесін арттыру мақсатында 2020 жылдың 10 мен 30 қарашасы аралығында «Жас педагог» конкурсы өтеді.

Байқаудың негізгі мақсаттары: педагог мамандығының артықшылықтарын айқындау, жас педагогтың рухани-адамгершілік және патриоттық қасиеттерін арттыру, оқытушылардың шығармашылық белсенділігі мен қабілетін анықтау және қолдау.

Байқауға тек экономика және құқық институтының оқытушылары қатыса алады.

Байқау кезеңдері:

  1. Қатысу үшін өтініш қабылдау (10-13 қараша аралығында).
  2. Эссе жазу (16-17 қараша). Қатысушылар эсселерін мына Yandex поштасына жібере алады: zam.dvr@ksu.edu.kz.
  3. Өзін-өзі таныстыру (18-20 қараша). Бұл кезеңде қатысушылар бейне-роликтер дайындап, zam.dvr@ksu.edu.kz поштасына жіберулері керек.
  4. Даңқ сәті (23-25 қараша аралығы). Осы кезеңде қатысушылар актерлік шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Олар А.Құнанбаевтың әндерін орындай алады немесе Абайдың, Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсыновтың өлеңдері мен басқа да шығармаларын жатқа айтады, иә болмаса бишілік өнерімен тәнті ете алады. Олар мұның барлығын 5 минуттан аспайтын видео арқылы көрсетеді.
  5. Педагогикалық есптерді шешу. Бұл кезеңде қатысушыларға педагогикалық есептер беріледі. Қатысушылар 3 минут ішінде жағдайды ойластырып, шешімін табуы керек. Бұл кезең Zoom платформасында 2020 жылдың 27 қарашасында сағат 15.00-де өтеді.

Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалайды. Жеткілікті ұпай жинаған қатысушы келесі кезеңге өтеді.

Байқаудың нәтижелері 30 қарашада институттың әлеуметтік желілері мен университет сайтында жарияланады. Жеңімпаздар сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен, сондай-ақ «Талантты педагог» және «Шығармашыл педагог» номинацияларымен марапатталады.

 

Толығырақ ақпаратты МЫНА ссылка бойынша өтіп, табуға болады.

Қабылдау комиссиясы