object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 02:53:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жарнама тіліндегі терминдер қолданысы

2020 жылдың 4 қарашасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жарнама тіліндегі терминдер қолданысы» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн семинар өтті.

Онлайн бас қосуға орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғам өкілдері, еліміздің белгілі лингвист-ғалымдары, тіл жанашырлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері қатысты.

Аталмыш семинарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Амангелді Шөрентаев «Жарнама терминдерінің қолданысы» тақырыбында баяндама жасап, көпшіліктің назарына жарнама саласындағы терминдерің қазақ тіліндегі баламасын ұсынды.

Семинар барысында сараптамадан оң пікірге ие болған терминдер Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясына мақұлдауға ұсынылатын болып шешілді.

Қабылдау комиссиясы